1-сыныптың бейімделуінің қорытындысы. » Тарғап орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тарғап ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)55-2-30
Есепші бөлімі:
+7(72770)55-2-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-сыныптың бейімделуінің қорытындысы.
21
октябрь
2021

1-сыныптың бейімделуінің қорытындысы.

Тарғап орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылындағы 1-сынып оқушыларынан   мектептегі оқуға бейімделуінің  нәтижесі   туралы мәлімет.

Мектеп бала дамуын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын.1-сыныпқа келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды бастан өткереді. Бала мектепке бірден бейімделмейді. Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді.Олар ұжымға тез қосылып кетеді, жаңа достар табады, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, мұғалім талаптарын қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық талаптарын орындай қоюы қиын, бірақ қазан айының соңына қарай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі. Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет. Бұл көбінесе отбасындағы жалғыз бала немесе балабақшада болмаған, ата-анамен қарым –қатынас жеткіліксіз балаларда кездеседі. Баланың мектепке бейімделу деңгейін мынадан байқауға болады:

-біріншіден- баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды. 
 - екіншіден-баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. 
 - үшіншіден- баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатыпас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды. Сонымен, баланың оқуға табысты бейімделу мәселесі көбінесе мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасуына байланысты. 

Мектепке бейімделу деген не? Психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі.

1. бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;

2. тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйренуі керек;

3. мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдерге кедергі болмауға үйренуі керек;

4. достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;

5. мектептегі оқуы – оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!

Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.

Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына қуанышты. Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен орындайды , сабақта мұғалімді ынтасымен тыңдайды, өзі белсенділік танытып «бағдарламадан тыс» бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті,сыныптастарымен оңай тіл табысады.

Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес,   сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста, сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті, бірақ мектепте де, үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс жасамайды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет болады.

Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы болады, жиі тәртіп бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда - санда орындайды. Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты.

Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата - ана үшін де, мұғалімдер үшін қатерлі. Ең ауыр жағдайда баланың жұмысынан не талап етілгенін мүлдем түсінбейтінін көруге болады. Ондай балалар жеке жұмыста үлкендермен қарым - қатынасқа түсіп, оның нұсқаулықтарын түсіне алады, осыны ескеріп, бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады.

1-сынып оқушыларын зерттеудің  мақсаты.Оқушылардың мектепке икемделу деңгейін ,икемделуінде  қиындықтары бар  балаларды анықтау , баланың  мұғаліммен қарым-қатынасының , құрдастарымен әлеуметтік  жағдайының  қолайлы болуына жағдай жасау.К.Йирасектің «Мектептегі оқуға дайындық  деңгейін анықтау»   тестіалынды.Мақсаты:Баланың   мектептегі оқуға дайындық   деңгейін анықтау.Тест үш тапсырмадан   тұрады:

Еске байланысты ер адамның суретін салу,Жазба әріптерді көшіру,

Нүктелер тобын   салу..


Керн-Йирасектің тесті бойыншабалалардың мектепке,  оқуға психологиялық  жағынан   дайындығының көрсеткіші         



Арнайы 22 сұрақтан құрылған сауалнаманың көрсетші






Зейінді  дамыту және түзету «Шатасқан сызықтар» әдістемесі алынды.Мақсаты:Зейін тұрақтылығын  дамыту. Өте жоғары -90% ,ал орта  -10%.

Келесі «Моншақ» ідістемесі  мақсаты: балалардың зейін  ерекшеліктерін  анықтау барысында   1-ші деңгей- 28% ,2-ші деңгей- 24 % , 3-ші деңгей - 32%, 4-ші деңгей -16%   көрсетті.Сыныптың зейін   ерекшелігі орташа , 

«Үйшік» әдістемесі . мақсаты: баланың зейінінің ырғақтылығын   және кеңістікті  қабылдауының  қалыптасу денгейін  зерттеу.Баланың зейін ырғақтылығы жақсы дамыған -32% , орташа дамыған  бала-32% , зейін ырғақтығы баяу дамыған  бала – 36% көрсетті.Өзін –өзі бағалау                             оқушылардың мектепке бейімделу нәтижесі

Бағалау  деңгейі

%

Бейімделу  деңгейі

%

Жоғары

40

Жоғары

60

орта

40

орта

25

төмен

20

төмен

15

Ұсыныс:Мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше  зейін аударып ,оларға  оқуға деген   жағымды  қатынас  орнату, өзін-өзі бағалауы  төмен   оқушыларға өзіндік  бағасын  жоғарылату   үшін  қолдап ,жағдай жасауға  көмектесу, оқушылардың  танымдық   мотивациясын  дамыту, мектеппен  қатынасын жақсарту, мектептік өмірге үйрету ,балаға мектепке білім   алып тәрбиелену үшін   келетінін  үнемі  айтып отыру, оқушыларда  кеңістіктік   байланыстар  орнату қабілетін ,көрнекілік  қабылдау  дәлдігін   дамыту  жолдарын  жетілдіру.Сабаққа қатысу және сырттай бақылау арқылы сыныптың бейімделуі   зерттелді.Жалпы сыныптың бейімделуі өте жақсы, балалармен мұғалім арасындағы қарым-қатынасы жоғары деңгейде.

Мұғалімдермен сыныптың қорытындысымен таныстырылып ,әңгімелесіп, ақыл-кеңестер берілді.. «Эмоция» жаттығуы:Мақсаты: Мұғалім бойындағы эмоционалдық, иілгіштік оқушылармен қарым қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

Ата-аналармен әңгімелесіп ,кеңес берілдіАта-аналарға ұсыныс

- Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз. Оның мектептегі істеріне сіздің шынайы жетістіктері мен қиындықтарына шынайы қарым- қатынасыңыз жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.

- Баламен балаңыз мектепке оқу үшін келеді. Баланың қателік жасауға құқы бар.

Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.

- Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында қолға алыңыз.

- Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.

- Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.

- Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.

- Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.

Ата-аналармен әңгімелесіп ,кеңес берілді.Қыркүйек айының 10- жұлдызында «Өз балаңа үлгі бол» републикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

1 сынып оқушыларының бірнеше сабағына қатысып бейімделуіне ақыл-кеңестер берілді.

Қорытынды ; жыл бойы 1 сынып оқушыларымен ,ата-аналарымен түзету-дамыту жұмыстары жалғасады.

Дайындаған педагог психолог:                            Бадамбекова

Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.
>Жазғы мектеп-2022   ұйымдастыру туралы