5-сынып оқушыларының бейімделуі
2021-2022 оқу жылында 5-сынып оқушыларының орта буынға
бейімделуін зерттеудің нәтижесі туралы мәлімет .
Жаңа оқу жылында білім саласында біраз өзгерістер жаңартылған білім жүйесінің ерекшеліктерімен сипатталады. 5-сынып оқушылары орта буынға көшкен кезде балалардың көпшілігі бұл өмірдегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Олардың мінез-құлықтары да , қарым-қатынасы да әртүрлі мұғалімдердің пайда болуымен байланыстырады.Бейімделудің барлық формаларының ұзақтығы 6-7 апта ,яғни қазан айының аяғына дейін жалғасады. Ал ең қиын уақыт алғашқы 1 ай болады екен. Тек оқудың 5-6 аптасында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты болады, және біртіндеп жоғарылайды. Оларға баға қойылмауы мақтау, мадақтау ,өзара көмек , бірлескен жұмыс ,әр оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру мақсатында мұғалімдер жұмыс жүргізетіндігі , мақтанып мейірімді сынып жетекші, қатал , талап қойғыш пән мұғалімі туралы айта бастайды.
Ортаңғы буынға бастауыш сыныптан өту оқушының психикасын әсер ететін жүктеменің ұлғаюына байланысты. 5-сыныпта оқудың бастапқы мезгілінде оқудың жаңа шарттарына бейімделу кезеңін бастарынан өткізеді, бұл кезең бірінші сыныптағы оқудың бастапқы тұсына ұқсас. Оқу шарттарының күрт өзгеруі, әрбір мұғалімнің оқушыға қоятын талаптарының әртүрлілігі мен сапалық күрделілігі, тіпті бастауыш сыныпта ең үлкені, ал ортаңғы буында ең кішілері болып қалуларының өзі оқушы психикасына едәуір күш түсіреді.
Бейімделу кезеңінде бір бала жасқаншақ, үрейленіп жүретін болса, екінші біреуі шамадан тыс улап-шулап , сабырсыз, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салдыр-салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылады, тәбеттері тартпайды. Оқушылардың мектепке, жаңартылған білім талаптарымен, мұғалім талабына, сыныптастарына үйрену, бейімделу проблемаларына қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекші, пән мұғалімдері, жаңа пән ағылшын, тарих , информатика , биология әр мұғалім өз талабын қояды.
Методикасы оқушыларды өз бетімен іздену, еркіндікте болу, ойын толық жеткізу мүмкіндігі берілген.Бұрын белгілі дәлелдермен мұғалім жаңа тақырыпты өзі жектізген болса,жаңа тақырыпты бала өзі ізденіп табады. Бұл қызық әрі оқушы үшін жемісті болады. Баланың көп ақпарат алуына мүмкіндік бар.
Осы мақсатта пән бойынша сыныптың сабағына қатысып оқушымен мұғалімнің, оқушымен оқушының қарым –қатынасын зерттеп әр баланың сабақ үстіндегі іс-әрекетін бақылап отырдым. 5-сыныпқа жыл басында 23-оқушы келді . Бала темперамент жүйке жүйесінің тұлғалық қасиеттерінен туындайтын адамның жеке ерекшеліктерін айқындау барысында 7-бала сангвиник , 7-бала флегматик, 4-бала меланхолик, 4 – бала Флегматик қасиеттері анықталды. Оқушылардың эмоционалдық -еріктік сферасын диагностикалау барысында «Мектеп мотивациясы сауалнамасы» әдістемесі (Н.Г.Лусканова) алынды.Мақсаты:Мектеп түрткісін анықтау. 95% мектеп түрткісінің жоғарғы жағымды жақсы деңгейі байқалды ,ал 5% -мектепке жағымсыз қатынас анықталды. Пәнге деген көзқарасын анықтау мақсатында «Түймедақ әдістемесі » алынып, онда кейбір пәндердің қиындық тудыратынын математика ,орыс тілі, ағылшын, тарих , информатика,музыка пәндерінен қиналатындығын көрсетті. Ал екі оқушы математика , ағылшын пәндерінің ұнамайтындығын айтқан. Балалардың орта буынға бейімделуі жақсы. Мектепке қызығушылығы 10-балада жоғары, 8-балада орта, 4-балада төмен байқалды. Қобалжу деңгейі жалпы сыныпта орташа , өзін-өзі бағалауы 12-жоғары, 6-орташа, 4-төмен, ал оқығысы келмейтін балала жоқ екендігі анықталды. «Мен орта буынға көштім» сауалнамасы алынып нәтижесінде . Қазақ тілі, жаратылыстану пәндерін жақын тұтатындығы, кей пәндерден қиналатындығы анықталды. Оның 40% «қай пәнді қиналып оқисың» деген сұраққа (ағылшын, орыс әдебиеті, тарих) пәндерін көрсеткен.5-оқушы түсінбеймін ,тіліміз келмейді , қиналамыз деп жауап берген.Біраз оқушы алғашқы ұстаздарының жақсы қасиеттерін әлі ұмыта алмадым, қазіргі сынып жетекшілерің қалай қабылдады ? деген сұраққа 100% ұнайды, жақсы , түсіністікпен қарайды ,мейірімді , көмек береді деп жауап берген. Сабаққа қатысу мақсатым оқушылардың жас ерекшелігімен таным үрдістерін , қарым-қатынас , өздеріне деген көзқарастарын сырттай бақыланды. Кездескен психологиялық сәтсіздіктерді болдырмау, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Осы орайда байқағаным пән мұғалімдері сабақта оқушылардың таным үрдістерін (ойлау,зейін,есте сақтау,іс-әрекет т,б) дамыта білді,кейбір оқушылардың зейіні тұрақсыз, шашыраңқы, ойлау әрекеті баяу,оқу әрекетін орындау онша қалыптаспаған (қайталап сұрақ беру, артына қарай беру)әдеттерінен арылмаған.
Социометрия әдісі бойынша сынып лидерлері анықталып , орындаушы, шеттетілген оқушыларда анықталды. Сыныптың қарым-қатынасы өте жақсы, ұйымшыл. Сыныптың оқуға бейімделуі жақсы.Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ашық еркін жеткізе біледі ,мұғалімдермен қарым-қатынастары қалыпты жағдайда бейімделуі жоғары екендігі анықталды.
Оқушылармен бірнеше тренингтер өткізілді . «Мен қандаймын»5- сынып сынып дегеніміз не?» психо- педагогикалық қолдау және оқушының 5-сыныпқа бейімделуіне көмектесу.
Онда қорқынышты төмендету, орта буынға өтуіне сенімділікті ұялату,өзге адаммен әрекеттесу дағдысын қалыптастыру,өзара сыйласу, оқуға байланысты жағымсыз эмоцияны жойып, жұмысқа белсенді , жағымды икемдендіру , «Ерекше 5-сынып» мақсаты: Баламен сабақта мінез-құлық ережесін қабылдау; бейімделу мәселесінің алдын-алу; өз бетімен белсенді қатынасуға бейімделу, құрдасымен дискуссияда қызметтесу. «Есім және гүл» жаттығуы , «Температура» ойындары ойнатылды.
Түзету-дамыту жұмыстары мен жаттығулар , сабақтарына қатысу, бақылау ,тест жұмыстары жалғасады.
Ұсыныс: 5-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім талаптарымен оқушылардың бейімделуіне көмек беру, сабақта оқушылардың еркін сөйлеуіне , отырып тұруына жағдай жасау , өзара көмекке баулу, жекелеген оқушылармен ашық сөйлесу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға, сынып жетекшісімен әңгімелесіп, өзара көмек , кеңес беріліп көмек көрсетілді. ұсынылды.
Педагог психолог: Д.Т.Бадамбекова
Психологиялық қызмет жоспары бойынша қыркүйек ,қазан айларында 5сынып оқушыларымен зерттеу жүргізілді .Мақсаты: оқушылардың орта буынға бейімделуін бақылау мектепте өздеріне таныс емес пәндерді т.б меңгеруі (ағылшын,қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті, жаратылыстану, информатика) әр пән мұғалімдерінің психологиясы сабақ беру методикасы мен тактикасына үйренісуін, сынып жетекшіге деген қарым-қатынасы,олардың оқушыларға деген көмегі және орта буынға бейімделуі және сыныптағы психологиялық жағдай жеке пән мұғалімдері мен сынып жетекшімен пікірлесу ,сырттай бақылау жүргізілді.
Былтырғы оқу жылынан бастап 5 сынып жаңартылған білім алу мазмұнына көшті. Жазу дәптерлерімен күнделіктері өзгерді.Білімдері критериалды бағалау тәртібімен бағаланады.Методикасы оқушыларды өз бетімен іздену, еркіндікте болу, ойын толық жеткізу мүмкіндігі берілген.Бұрын белгілі дәлелдермен мұғалім жаңа тақырыпты өзі жектізген болса,жаңа тақырыпты бала өзі ізденіп табады. Бұл қызық әрі оқушы үшін жемісті болады. Баланың көп ақпарат алуына мүмкіндік бар.
Мектепке ,жанұя басқа адамдармен қарым-қатынас ,оқу үлгерімі жаңа пәндерге бейімделуі өзін-өзі бағалауы,ерекше танымдық үрдістерді анықтау мақсатында келесі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы.Қыркүйек айында «Мен орта буынға көштім» тақырыбында өткізілген сауалнамаға 22 оқушы қатысты.оның 40% «қай пәнді қиналып оқисың» деген сұраққа (ағылшын, орыс әдебиеті, тарих) пәндерін көрсеткен.5-оқушы түсінбеймін ,тіліміз келмейді , қиналамыз деп жауап берген.Біраз оқушы алғашқы ұстаздарының жақсы қасиеттерін әлі ұмыта алмадым, қазіргі сынып жетекшілерің қалай қабылдады ? деген сұраққа 100% ұнайды, жақсы , түсіністікпен қарайды ,мейірімді , көмек береді деп жауап берген. Сабаққа қатысу мақсатым оқушылардың жас ерекшелігімен таным үрдістерін , қарым-қатынас , өздеріне деген көзқарастарын сырттай бақыланды. Кездескен психологиялық сәтсіздіктерді болдырмау, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Осы орайда байқағаным пән мұғалімдері сабақта оқушылардың таным үрдістерін (ойлау,зейін,есте сақтау,іс-әрекет т,б) дамыта білді,кейбір оқушылардың зейіні тұрақсыз, шашыраңқы, ойлау әрекеті баяу,оқу әрекетін орындау онша қалыптаспаған (қайталап сұрақ беру, артына қарай беру)әдеттерінен арылмаған.