2021-2022 оқу жылындағы I-жарты жылдық есебі » Тарғап орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тарғап ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)55-2-30
Есепші бөлімі:
+7(72770)55-2-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы I-жарты жылдық есебі
05
январь
2022

2021-2022 оқу жылындағы I-жарты жылдық есебі

                                 Тарғап ауылындағы орта  мектебі   КММ


      Психологтың   2021-2022 оқу  жылындағы  1-жарты   жылдықта  

              атқарған  жұмысы    туралы  аналитикалық  есебі.


     Адам   баласы  өмір  бойы   психологиялық  көмекке  зәру,   ал  мектеп  балалары   үшін  бұл  ауадай   қажет.» Әлемді жайлаған «Ковид-19» вирусына сәйкес қашықтықтан оқуға байланысты  балалардың психологиясына , тәртібіне зор нұқсан келді.Соған сәйке өзекті мәселелерді ескере отырып жоспар құрылды.   Мектеп ішілік   отбасы  тұрмыстық жағдайын анықтау барысында  отбасы туралы мәлімет алынды. онда анасыз ,әкесіз  отбасылармен әлеуметтік жағдайы төмен ,көп балалы, өгей әке-шеше,   ата-апасымен тұратын оқушылар есепке алынды. Даярлық  тобы   балаларының  мектепке  бейімделуін, оқушының  ойлау, байқау   мақсатында «Не артық», «Менің   жанұям», «Менің  ойыншықтарым» ойыны, сенсорлық  қабілетін  анықтау   барысында ортадан  жоғары  деңгей   көрсетті. 

1 сыныпта  14 баладан   психологиялық  педагогикалық  диагностикалау  жүргізілді. И.Керн  әдістемесі   оқушының  оқуға  дайындығын, ойлау  қабілеттерін   зерттеу барысында  орта деңгейді көрсетті. 

Сенсорлық қабілетін анықтау барысында ортадан жоғары деңгей болды. Балаларға буын бұлшық еттерін дамыту,  сөйлеу, ойын дамуға түрлі жаттығулар жүргізілді. Фигураларды   сызу, санау, қосу, алу, өткен әріптерді еске түсіріп жазуда түрлі жаттығуларда  балалар  жақсы   нәтиже  көрсетті. « Моншақ » , Гудкиннің «Үйшік » әдістемесі жүргізілді.

  2-4 сыныптармен  келеңсіз   жағдайлардың  алдын  алу, түрлі   ойын  жаттығулар             «Менің   жанұям»,  «Менің  досым»   атты  сурет  салып,    шығарма  жазылды.            «Ұшты-ұшты»,   «Орныңды   тап»,   «Кім  жылдам?» , «Кімде  қандай   қасиеттер  бар?» ойын  жаттығулар, тренингтер  жүргізілді. 5-сынып  оқушыларының   орта  буынға  бейімделуін   зерттеу  барысында  сабақтарына   қатысып отырдым.

    «Мен   орта  буынға  көштім» сауалнамасы, « Түймедақ» суретті тесті, Социометрия    

     әдісі  оқушының   әр  пәнге,  мұғалімдерге   бейімділігін, сыныпта шеттетілген  

     оқушыларды анықтап көмек беру барысында зерттеу түрлі  сауалнамалар  жүргізілді.                                                                                                                                                                          

     Онда 5-сынып  оқушыларының   өте  жақсы  бейімделгенін, сынып  жетекшілерімен  

      тығыз   байланыс  орнатқандығы  анықталды. « Ерекше 5-ші сынып », «Кактус»,     

      «Сынып   жетекшіге  хат» тренинг, сыныпта жүргізілді. Көбінесе  оқушылар тарих,  

      математика,  дене   шынықтыру,  ағылшын. музыка  пәндерінен     бейімделе   алмай  

      жүргендіктерін  көрсетті.      Пән  мұғалімдеріне   жеке  тапсырмалар беріліп,    

      оқушылардың  жеке  жас  ерекшеліктеріне  көп   көңіл  бөлу  керектігі   ескертілді. 

  5-11 сынып   оқушыларының  арасында  зорлық-зомбылықтың  суицидтік   мінез-құлықтың  алдын  алу   мақсатында  «Суицидтік  мінез-құлықтың  өзіндік   психологиялық  ерекшеліктері» атты  баяндама  оқылды Буллинг және кибербуллингке тап болсаң  не істеу керек? жағдайлардың алдын алу мақсатында .   «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тренинг жүргізілді ақыл-кеңес берілді.

 5-11сынып    оқушыларынан   «Мен  өмірді   сүйемін»,    «Өмір   маған  қымбат»,    «3 тілек»,    «Айна»,    «Шешілмейтін   түйін  жоқ»  тренинг   жаттығулар  жасалды. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Менің құқығыммен міндетім» тақырыбында бейне ролик көосетіліп  кеңес берілді.

     9- сыныптармен  «Кәсіпті   меңгеру », «Мамандық  туралы хабар  беру », «Табындылықты  зерттеу ». Д.Голландтың «Сенің кәсіби ой ниетің ». «Ғаламтор және мен», «Ғаламтордың пайдасымен зияны» сауалнамасы алынды, кеңес берілді. 11-сынып   оқушылары  8 бала. Өзіндік  баға   өзін  балалар  өте   жоғары  бағалады. Өзіндік  тест   көріп  елестете  алу – 5 бала,   естіп  елестету – 7 бала, сезім  арқылы  елестету-1 бала  көрсетті.   

ҰБТ-да    кездесетін   6 кедергі «Өз  жауыңды  жой», «Өмір   қандай  керемет», «Емтиханға  қалай   жақсы  дайындалуға  болады.» психологиялық  бағыт-бағдар   , кеңес  беру , «Мен  жақсы   көремін»  тренинг өткізілді. «Жардан  құлатпау» ойыны  ойнатылып, Басса-Дарктің  эмоциялық   тесті  алынды. Өңдеу  кезінде   жанама  агрессия 1 оқушы,  3-кінәні сезіну қалған  оқушылар   нормаға  сай  келетіндігі    байқалды. Оқушыларды  агрессиядан   арылту  үшін  пән   мұғалімдеріне  оқушылармен  сабақ   кезінде  жеке-жеке  тіл   табыса  білуге  кеңестер   берілді. Э.Ховард « Стресске   төзімділік »тесті  бойынша  3-оқушының   стреске шалдығуы орташа  деңгей , қалған  оқушылар нормаға  сай   екендігі  анықталды. 

Оқушылармен  «Күйзеліске   қарсы  гимнастика»  жаттығуы жасатылды. Мектепте 2 бала  мектеп ішілік   есепте  тұр. Ерекше  назардағы   балалар   10 -  сынып   оқушысы , Бұл  оқушы  сабақтан   жиі  қалатын  себептен   ата-аналарымен    байланыс  орнатылды. .   Тәуекел тобындағы оқушылар   ажырасқан отбасы, ата-апасымен тұратын оқушылар тіркелген. Бүгінгі күнде ата – апаларымен тұратын   балалармен   байланыс  дәптерлері,  мінездемелері   жазылып,  «Өзіндік  баға»,   «Жанұядағы  қарым-қатынас  сурет», «Сен   және  сенің  достарың»   сауалнама , шынжыр  тренинг  «Мен   жақсы  көремін» ойын, жаттығулар  жүргізілуде.

  Мектепте   104 отбасы  бар. Онда  197   оқушы  білім  алады. Ата-аналар  жиналысында   «Суицид – оның  алдын  алу», «Мектеп жасындағы балаларды  сексуалдық зорлық*зомбылықтан  сақтану және оның алдын алу мақсатында » баяндама  оқылып , ата-анамен  бала   арасындағы  қатынасты  жақсарту   мақсатында  шағын  бейне   фильм  көрсетілді . Ата-аналар  өз    ойларын  ортаға  салды. «Ата-анаға  психологиялық   кеңес»   беріліп,  «мен   анаммен   мақтанамын»  жаттығуы   ойнатылды . 1-5 сынып   ата-аналарымен  «Баланың  мектепке   бейімделу  деңгейін  анықтау»   сауалнамасы  алынды.1  сынып   ата-аналары  балаларына  жақсы   көңіл  бөлетіндіктері,  ал   5-сынып  ата-аналары  көбінше   өзі  даярланатыны   көрсетті.   6-9 сынып ата-аналарымен    «Оқушының  сабақ  үлгеріміндегі   ата-ананың  ролі»,  «Сіз   қандай  ата-анасыз?» тестері  алынды. Онда   ата-аналар  бала  тәрбиесінде   оны  түсініп, ойын тануға, сыйлы  көзбен  қарайтындығы   көрсетті. 11-сынып  ата-аналарымен   «Мектеп   бітірушілердің  ата-аналарына  психологиялық   кеңес»  баяндама  оқылды.   «Мен  жақсы  көремін»   тренинг  өткізілді. «Ата-ана  алақаны   жылы  ұя» коррекциялық  сабақ   өткізілді.Мақсаты  :Баланың  дамуына   теріс  ықпал  ететін   жолдардың  алдын  алу, бала   тәрбиесін  жақсартуға  көмектесу. «Отбасы- оқушы- Мектеп» үшбұрышын  дұрыс  қалыптастыру.    

  .Мектеп   ұжымы  және  жас   мамандармен  жұмыс. Жас  маманның   кәсіби  мәдениеті  баяндама,   «Кел  жақын  танысайық» , «Менің  жақсы   қасиеттерім» тренинг,    «Мұғалімнің  шыдамдылық  тесті»    алынып,  нәтижесінде  20   мұғалім  жоғарғ ы  ұпай   жинап,  ойланып,  тұрақты   шешімге  бейімділігін  көрсетті. 2 мұғалімге  психологиялық   көмек   көрсетіліп,   жаттығу  жасалды.   «Ашуыңды  ірке  біл», «Мұғалім  оқушы   көзімен»  ананимдік  сауалнама   алынды. Нәтижесінде  оқушылармен ұстаздар  қатынасы  жақсы   екендігі  байқалды. Сондада  болса   оқушылардың  пікірімен  санасу,   ұстанымдылық  көрсете  білуге   ақыл-кеңес  берілді.  

  Мектептегі дарынды  оқушыларды   анықтау  мақсатында «Сенің  дарындылығың   мен шығармашылық   қабілеттеріңді  дамытуға және  алға   қойған  мақсатқа  жетуге   қажырлы  болуың»  қызықты   психологиялық  тестер мен  жаттығулар   беріліп  жүргізілді. Танымдық  үрдістер, қисынды  ойлауды   дамытуға тапсырма, шығармашылық   ойлауды  дамытуға арналған  жаттығулар , мінез құлықты және тұлғаның  өзін-өзі   бағалауы тестік  жаттығулар берілді. Нәтижесінде  жаратылыстану-математика бағытына, информатика пәндеріне, шығармашылыққа   бейімділігі   бойынша   балалар анықталды.    

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде атап айтсақ аудандық жасөспірімдер құқығын қорғау инспекторымен кездесу өткізілді.  Ауылдық     дәрігерлермен  «Нашақорлықтың   алдын   алу»,  «Темекінің  денсаулыққа   зияны»,Қыздар гигиенасы, «Екпе алу-денсаулық кепілі»  тақырыбы    баяндама  оқылып   , ақыл-кеңестер  беріліп ,ойлар  айтылып   талқыланды.  Келеңсіз   жағдайлардың  алдын  алдын   алу ,ерекше  назардағы  балалардың      жанұяларымен     қарым  -қатынас  орнату    сауалнама,бақылау  рейд   жүргізілуде.   Ата-аналарға психологиялық  жағынан    көмек  көрсетіліп  ,тренингтер   өткізілді .

  11-сынып   оқушыларымен   ҰБТ-ға  даярлау   барысында   « Емтиханға   , ҰБТ-ға    баратын   оқушыларға    психологиялық   кеңес   беріліп   түрлі   тренингтер    мен    жаттығулар   өткізілді  .    

    Қорыта     айтқанда  «Отбасы – оқушы – мектеп»    үшбұрышын    дұрыс   құрып,    бірлесе   отырып  жас    ұрпаққа     сапалы   білім,    саналы   тәрбие    беру,    психологиялық     көмек  көрсету   ісі  әлі  де     жалғасын   табады. 



     Педагог психолог:                           Бадамбекова.Д.Т

Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.
>Жазғы мектеп-2022   ұйымдастыру туралы