27
октябрь
2023
" Мамандық таңдауға нұсқау"
30 қазан күні мектеп пен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс- қимылды нығайту және оқушылардың мамандық таңдауына көмектесу мақсатында " Мамандық таңдауға нұсқау" тақырыпта 9 - 10 сынып ата - аналарымен кездесу өткізілді
Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға кездесу барысында жадынама ұсынылды :
- баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
- баланың өзі таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
- болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар моральдық сезімдерді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыру;
- егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
-егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
-егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
-егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек
