18
октябрь
2023
1 – 4 сынып ата-аналарына «Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу» тақырыпта 2 сабағы
8 қазан күні «Ата –аналарды педагогикалық қолдау орталығының » 1 – 4 сынып ата-аналарына «Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу» тақырыпта 2 сабағы өткізілді.
Жоспарға сәйкес «Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы» тақырыпта презентация көрсетілді, проблемалық ахуал тудыру мақсатында «Үй тапсырмасын орындау» тақырыпта бейнероликті көріп , топта талқылау жүргізілді, ата-аналар тапсырманы белсенді орындап, өз ойларымен бөлісті.
Сабақ соңында ата-аналар отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды,оның тұлғасын дамыту үшін баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезінді,балада танымдық дағдыларды дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгерді.
Мектеп психологі Баданбекова Д психологиялық қолайлы орта құрып, ұжымда бірлесе жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ұжымдық жұмыс» тақырыпта тренинг жүргізді.