16
ноябрь
2023
«Әрбір бала – жарық жұлдыз»
16 қараша күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 1- 4 сынып ата-
аналарына «Әрбір бала – жарық жұлдыз» тақырыпта 3 сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.
Мектеп психологі Баданбекова Д психологиялық қолайлы орта құрып, ұжымда бірлесе жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жылы жүрек», «Алақанға жан бітір» тақырыпта тренинг өткізіп , «Темперамент» ұғымымен және оның түрлерімен таныстырды. Ата –аналар арасында шағын пікірталас жүргізілді. Ата –аналар Кенен Әзірбаевтың «Танисың» термесін тыңдап, берілген тапысрмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.
Сабақтың соңында ата-аналар:
• Ұлттық мәдениеттегі балаларды тәрбиелеу дәстүрлерін біліп, өз баласының ерекшелігін ашу барысында ескеретін болады.
• Балаға қолдау көрсету стратегияларын таңдаған кезде оның темпераменті және басқа да жеке ерекшеліктерін ескеретін болады.
Баланың жеке басының күшті жақтарын анықтау және дамыту үдерісінде мектеп мұғалімдерімен тиімді әрекеттеседі
