Жас мамандармен жаттығу » Тарғап орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тарғап ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)55-2-30
Есепші бөлімі:
+7(72770)55-2-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2021

Жас мамандармен жаттығу

Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ

    2021-2022 оқу жылы

                                                Мәлімет

Жас мамандармен семинар тренинг болып өтті.

Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: Жас мамандарға   ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Жоспары: 

• «Танысу» жаттығуы 

• «Мұғалім болу ...» жаттығуы 

• Сұрақ менен, жауап сізден 

• «Мен қандаймын?»-психологиялық тест 

• «Менің ішкі ойларым» жаттығуы 

•  Қорытындылау 

1. «Танысу» жаттығуы 

Әр бір тренинг қатысушылары өз есімдерін айтады және қойылу тарихын баяндайды. 

2. «Мұғалім болу ...» жаттығуы 

Тренингке қатысушы жас педагогтар бүгінгі тренингімізді «Мұғалім болу ...» жаттығуын жүргізейік. Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер

«Көгілдір құс» ой сергіту,ширату
 Сіздермен бір ой сергітейік. Тест "Көгілдір құс" деп аталады.

 
Күндердің бір күнінде көгілдір құс бөлмеңізге терезеден ұшып кіріп, торға түсіп қалады. Адасқан құстың бір қасиеті сізді қызықтырып, сіз оны өзіңізде қалдыру туралы шешім қабылдайсыз. Бір қызығы, ол құс келесі күні түсін сарыға өзгертеді. Осылайша бұл таңғажайып құс әр күн сайын жаңа түске боялады: үшінші күні – қызыл, төртінші күні – қап қара. Бесінші күні сіз оянған кезде құстың қауырсындары қандай түске боялады деп ойлайсыз?

Немесе боялғанын қалайсыз?
 1. Құс түсін өзгертпей сол күйінде қалады.
 2. Ол бастапқыдағыдай көгілдір түске боялады.
 3. Ол ақ түске боялады.
 4. Құс алтын түске боялады.

Сіздің бөлмеңізге ұшып келген құс бастапқыда бақыт пен табыстың символы болып көрінгенімен, күтпеген жерден түсін өзгертеді. Осыдан кейін бойыңызда бұл қуаныш сезімі ұзаққа созылмай ма деген қорқыныш пен күдік пайда болады. Ал сіздің таңдаған жауабыңыз алдыңызда кездескен қиындық пен жайсыз оқиғаларға қандай жауап қайтаратындығыңызды көрсетеді.

Құс сол күйінде қара болып қала береді дегендер өмірге пессимистік көзқараспен қарайды. Сіз жаңбырдан кейін кемпірқосақтың шығатынына сенбейсіз. Мүмкін сізге барлығы осыншалықты жаман болса, бұдан артық қайда барады деп ойлаған дұрыс болар. Есіңізде болсын бітпейтін жауын-шашын немесе таңды атырмайтындай түн жоқ.

 Ал құс бастапқы қалпына келіп, қайтадан көгілдір түске боялады дегендер өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Сіз өмірдің жақсы және жаманнан құралып, екеуінің қатар жүретініне сенесіз. Шындықты қалай бар, дәл солай қабылдайсыз. Өмірдің алып кедергілерін сабырмен қабылдап, күйзеліске бой алдырмайсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында өмір арнасында адаспай, қашан да болсын сергек ойлай аласыз.

  • Ал құс қауырсындары ақ түске өзгереді дегендер қиын-қыстау кезеңде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдайды. Дүниенің астаң-кестеңі шығып жатса да, уайым мен қайғыға уақыт жұмсамайсыз. Қателескеніңізді біле салысымен, оны түзеуге асығасыз.
  • Ал құс алтын түске боялады деп жауап бергендерді еш нәрседен қорықпайды деп айта аламыз. Сіз нағыз қиындықтың дәмін татып көргенсіз. Сол қиындықтардың арқасында әрдайым сабақ алып, жігеріңізді қайрайсыз. Сіздің ұстанымыңызды Мұқағалидың «Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы, Мына өмір шыдамдыны ұнатады» деген сөздерімен салыстыруға болады.
  • Ми гимнастикасы. 
  • Американдық психологтар Пол және Гейл Денисон «Ми гимнастикасы» бағдарламасын құрған. 
  • Арнайы таңдалған жаттығулар көмегімен мидың оң және сол жақ жарты шарлардың жұмысын үйлестіреді және дене мен ақыл-ойдың өзара әрекетін дамытады. 
  • «Мойын бұру» жаттығуы. 
  • Терең тыныс алыңыз, иығыңызды босаңсытыңыз, басыңызды тікелей төмен түсіріңіз. Ақырын басыңызды бүйірден екінші жағына бұраңыз, дем шығарған кезде толығымен босаңсытыңыз. Иегіңізбен кішкене дөңгелек қозғалыстар жасаңыз. Осы қозғалыстардан кейін оқу және сөйлеу кезінде дауысы күшті болады. 
  • «Жалқау сегіздік» 

Бірінші оң қолды алдыға созып ауада,кеңістікте бас бармағымен сегіздік немесе шексіздіктің белгісін салу. Келесі сол қолдың бас бармағымен қайталау. Екі қолдың бас бармағымен қайталау.
 Сұрақ менен, жауап сізден
! 

  1. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлалады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», — деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

2. Оқушы мұғалімге: «Мен бұл оқушымен бірге отырғым келмейді. Оның себебін сізге айта алмаймын». Мұғалімнің жауабы қандай?

3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кіналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңыды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

4. Сіз үйге тапсыра бардіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінд, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалукерек пе?

5. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз оқушыны кіналі деп тауып, оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?

6. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиынды келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз? 

«Мен қандаймын?»-психологиялық тест 

«Менің ішкі ойларым» жаттығуы 

Жас мамандарға арналған өзін қиындық тудыратын мәселелерден шығу жолдарын дамыту М.Лабковский техникасы бойынша 

Менің алғашқы жұмыс күндерімнің жағымды жақтары;

-Менің алғашқы жұмыс күндерімнің жағымсыз жақтары;

-Жағымсыз жақтарын қалай дұрыстар едім? 

Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса, мектептегі басты тұлға – Мұғалім.

     Ы. Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші сіздердің әрқайсысыңыз мектептің жүрегі бола берулеріңізге тілектеспін. Өздеріңіз таңдаған кәсіби мамандықтарыңызды ары қарай дамытып, жоғарыдан көріне беріңіздер  

Қорытынды . Жас мамандармен  өзіндік менін қалыптастыру, өзін қиындық тудыратын мәселелерден шығу жолдарын дамыту ,  ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеруге қолдау көрсету.


Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.
>Жазғы мектеп-2022   ұйымдастыру туралы