Зорлық-зомбылық қорытынды
Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ
«Зорлық – зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тренингтің
Қорытындысы 2021ж
«Зорлық – зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында 8-10 сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Тренингке 15 оқушы қатысты
Мақсаты:
1.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
2. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
3. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Мектеп психолгі Баданбекова Д :Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, Амандасу – «таныстыру» жаттығуы жүргізілді.1 тапсырма бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасулова топ мүшелерімен бірлесе отырып «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постер жасау барысында бағыт –бағдар берді, сол бойынша оқушылар өз ойларны қағазға түсіріп оны қорғай білді.
2 2 тапсырма бойынша «Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазды.
«Қайта байланыс» жаттығуы аясында оқушылар шеңбер құра отырды да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді. "Алған әсеріңіз қандай?"- смайликтер арқылы білдірді.Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнап, көңіл-күй жоғары деңгейде болды. Қорытынды: Оқушылар бірлесіп ән мен бой сергіту тренинг арқылы аяқталды.
Өткізгендер:
Педагог-психолог: Д.Баданбекова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Марасулова