25
январь
2024
«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Қыз намысы – ұлт намысы» тақырыпта қыздар жиналысы
«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Қыз намысы – ұлт намысы» тақырыпта қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты:
-қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық қасиеттерін таныта білу;
– оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту.
Жиналысымызға мектебіміздің белсенді,үлгілі ата-аналары Назарова Әсия , Алимова Айжан, Төлегенова Бибигул, Тоқсанбаева Анар қатысып, қыздарымызға өзідеріңнің ақыл-кеңестерін айтты. Қыз тәрбиесінің маңызын түсіндіріп,жақсы тілектер айтты.Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тотеева Салима қыз бала орнының ерекшеліктерін айтып, мектеп психологы Баданбекова Динагул қыздармен ойын-жаттығуларын жүргізді.