29
август
2023
Ата-аналар жиналысы
2023-2024 оқу жылы қарсаңында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
2. Оқу жылының ерекшеліктері.
3.Мектептің ішкі тәртіп ережелері, ата-аналардың міндеттері.
4. Бастауыш сыныптардың ыстық тамақпен қамтылуы
5. Балалар арасындағы психикалық күйзелістерге әкелетін оқушылардың өміріндегі елеулі өзгерістер.
Мектеп директоры С.К.Алимкулова күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, оқушышылардың қауіпсіздігі туралы кеңінен тоқталды. Оқушылардың сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігіне баса назар аударды.Сонымен қатар әрбір мәселе бойынша тиісті мамандар баяндама жасады.Ата аналар тарапынан Ұ.Төстікова сөз алып, айтылған мәселенің барлығы өзекті екенін айта келіп,ата аналар тарапынан қолдау көрсететіндіктерін айтты
