құқықтық кеңес хаттама
Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ
5-11 сынып оқушыларымен өткізген құқықтық кеңес хаттамасы.
Қараша айы 2021-2022 оқу жылы
5-11 сынып оқушыларымен құқықтық кеңес өткізілді.
Қатысқаны 102 оқушы.
Мақсаты:Балаларға ата-анасыз қалған кезде ,сабақтан қайтқанда , көшеде жүргенде өзін қауіпсіз сезіну жолдарын ескерту.
Сөйледі: Мектеп психолог Бадамбекова балалар құқығы ,қауіпсіздігі туралы айтып кеңес өткізіліп жаднама таратылды ,нәтижесінде өзін қорғау сақтану шараларын үйренді.
Жаднама
— Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
— Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
— Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
-Көшеде, автобуста, пойызда танымайтын ересек адамдармен сойлеспе.
— Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
— Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
— Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естіген болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден билік органдарына хабарлаңыз.
Қорытынды: Балалар өз ойларымен айтып бөлісті.Келешекте қауіпсіздік шараларын сақтану жаднаманы жанында сақтау керек екендігін білді.
Мектеп психолог: Бадамбекова