15
сентябрь
2023
«Толағай» отбасылық сайыс
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, басқа адамдармен қарым-қатынасын, мәдениетін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан отбасындағы татулық, сыйластық, тәрбие бала жадында сақталады. Ата-ананың тәрбиесін «Қоғамдық тәрбиенің ең тиімді» деген жүйесі де алмастыра алмайды.
15 қыркүйек күні отбасы күніне орай «Толағай» отбасылық сайыс өткізлді. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру; салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
