16
февраль
2024
"Ауғанның от жалыны" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 35 жылдығына орай "Ауғанның от жалыны" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Шара қонақтары Марасулов Мухит , Нұрқалиев Ермахан, Қосаев Рахат. Қонақтарымыз өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Оқушылар әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы білді.
Айқастар аяқталса да, тарихта мәңгі қалады. Ауған және басқа жергілікті соғыстар да келмеске кетті. Дегенмен, жауынгерлер қанымен, аналар жасымен жазылған соғыс тарихы халық есінде мәңгі сақталады. Әкесіз қалған жетімдердің есінде қалады. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен каһарман жерлестерімізге мың алғыс!

