16
октябрь
2023
"Адалдық сағаты"
"Адал ұрпақ" еріктілер клубының бекітілген жоспарына сәйкес адалдық сағаттары өткізілді. . Іс-шараның мақсаты: адалдық пен адалдық құндылықтарын нақтылау; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Оқушыларға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының баптары түсіндіріліп, «адалдық», «адалдық құндылықтары» терминдерінің мағыналары ашылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша біздің еліміздің әрбір азаматы: «Адалдық - ұлттың рухани өзегі, қоғамның өмір сүру нормасы» формуласының маңыздылығын терең түсінуі керек деген тұжырым жасалды. Адалдық - әр азаматтың ортақ міндеті. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәні болды. Адалдық сағатқа 40 оқушы қамтылды"Адалдық сағаты" мына тақырыптарды өткізілді "Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді" , " Адамдық, парасаттылық - адамдықтың белгісі"
