Ата-анаға кеңес » Тарғап орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тарғап ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2022

Ата-анаға кеңес

Мектеп жасындағы балаларды сексуалды  зорлық-зомбылықтан

сақтау және алдын алу шаралары 2021-2022  о/ж 

Құрметті ата -аналар!   

Адамзаттың ең басты  құндылығы «өмір» болып саналса, ал адам үшін ең басты құндылық бала өмірі болып табылады. Еліміздің Заңында «Бала құқықтары Конвенциясының 1 – бөлімінің 34 бабында «Сексуалды қиналудан сақтау» мектеп жасындағы балалардың үлкендер тарапынан сексуалды зорлық – зомбылыққа ұшырау кезіндегі берілетін жаза түрлері жазылған .Адами қағидаға жат зорлау , педофилдік бүгінде сыналап санамызға да, қоғамымызға да еніп жатыр.Сұмдығы сол, мұндай тексіздіктің тамырына балта шабуға   қауқарсыздық  танытып отырмыз.Қауқарсыздығымыз емей немене , педофилдер әрекеті еліміздің әр аймағында жиілеп кетсе де, оларға қатысты заңды қатаңдату мәселесі әлі де билік өкілдері тарапынан  қарастырылуда .Тіпті педофилдердің басым бөлігі ұстатпай жатса , ұсталғандарына қолданылар  жаза   қорланған баланың ар- ұятымен салыстырғанда  тым жеңіл болып отыр.

Осылайша, бүкіл   қоғам болып ай-күннің аманында балаларымызды айуанның мазағы мен қорлығынан  қорғай алмай отырмыз.Балаларды қорлап, ата-аналарды үрей құшағына бөлеген педофилдерге тек қана өлім жазасын беру керек  деп жүргендер қоғамда аз емес.Ал баланы сексуалды зорлық- зомбылықтан сақтау, қорғау ата- ананың басты міндеті болып табылады .

    Жалпы зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі бар.

1. физикалық  (ұрып-соғу, тебу, денеге  түрлі заттармен жарақат салу,тұншықтыру, қылқындыру т.б.


2.психикалық   ( ұрсу, зеку,қорқыту,ар-намысына тиетін сөздермен балағаттау,кемшілігін бетіне басу, бопсалау, баланы ұрлау т.б.


3.сексуалды   (жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу,күштеп көндіру,зорлау т. б.


4.экономикалық   ( киіндірмеу,кір киіммен жіберу,өзіне шақ киім кигізбеу, оқу- құралдарымен қамтамасыз етпеу,аш қалдыру ,барлық жақсы нәрседен тежеу  т.б.

  Сексуалды зорлықтың екі түрі бар ол зорлау яғни баланы кез келген жерде ұстап алып,күштеп зорлық көрсетеді және өз құрбанын ізін жасыру мақсатында өлтіріп кетеді.Ал педофил ол өз құрбанын асықпай таңдап алып,алдаумен сеніміне кіруге тырысады,ойын жүзеге  асырған соң бала түсіне бастағанда  ол оны қорқыта бастайды. Өкінішке орай біздің түсінігімізде педофил ол сырттан келеді деп  ойлаймыз да баланы тек көшеде, бөтен жерлерде ғана қорғауға тырысамыз. 

Кейінгі деректерге сүйенсек балалардың көпшілігі  өзінің отбасында  педофилдің құрбаны болады екен. Олар өз  тұған әкелері,ағалары,өгей әкелері,ата-аналарының туыстары немесе балаға жақсы таныс достары да болуы мүмкін .

 Сонымен бірге  балаңыз сексуалды зорлықты  үлкендерден ғана емес ,кейде өз құрбы- құрдастарынан және өзінен жоғары сынып оқушыларынан да көруі мүмкін.Көпшілігінде мұндай зорлыққа мектеп жасына дейінгі балалар,бастауыш сынып оқушылары ұшырайды.

Сондықтан ата-ана күнделікті баласының көңіл-күйін байқап, бос уақытының қалай және кімдермен өткізетінін сырттай бақылап ,кімдермен достық қарым-қатынаста екенін жақсы біліп, әңгімелесіп ,жиі-жиі сұрап отыруы қажет.

 Осы жағдайларға байланысты  құрметті ата-аналар,мына ережелерді қатаң сақтап, есте ұстап жүрүлеріңізді сұраймын.Зорлық көріп жүрген баладан мынандай жағдайларды байқауға болады.


1. Баланың көңіл-күйі  күрт төмендейді,себепсіз жылайды,арықтап  жүдей    бастайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы бұзылып, көздері қызарады.

2. Достарының  түстен  кейінгі   ойнайтын, жүретін  балалардың жоғары  сыныптан  болмауын   мұқия  қадағалаңыз, себебі  бастауыш   сынып  балалары  өзінен   үлкендерді  досым  деп    қабылдап, оның  істегендерін қалыпты  жағдай  деп   қабылдауы  мүмкін. 

3. Жеке  бас   гигиенасын  қадағалап,  әсіресе   іш  киімдерінің  жағдайын   бақылап  отырыңыз, себебі  зорлыққа   ұшыраған  балалардан  үнемі   жағымсыз  иіс  шығып   тұрады. 

4. Күнделікті  баламен   «Бүгін  не  істедің?», «Кімдермен  ойнадың?», «Қандай ойындар  ойнайды?», «Не көрдің?» т.б  сұрақтарды   қою  арқылы  жеке   әңгімелесіңіз. 

5. Балаларыңызды  әсіресе мектеп  жасына   дейінгі  және  бастауыш   сынып  оқушыларын  өз   бетімен  мектепке  келіп- кетуіне  жол   бермей  мүмкіншілігінше  өздеріңіз   алып   қайтуға  дағдыланыңыздар. 

6. Үйдегі  компьютерді үнемі  қадағалап   отыру  үшін  көз   алдыңызға  жақын  бөлмеге   орналастырыңыз.

7. Сіз  баланы   еркелетіп  құшақтағанда, бетінен  сүйгенде, ол   селк   етіп,  қорқып, шошынып  қалуы   мүмкін.

8. Бала  осы   тақырып  қозғалған  кезде   елеңдеп, құлағын  түріп  құлшынуы   мүмкін. 

9.  Баланың   туған  туыстарға,  жора- жолдастарға  бетінен   сүймеуін  талап  етіңіз. 

10.  Баланы   бөтен  адамдардан  аулақ   жүруге ,  алдауына  көнбеуге   үйретіңіз. 

11. Баланы  шешіндіріп   шомылдырғанда оны  жеке  істеуге   тырысыңыз.


                      Назар қойып   тыңдағандарыңызға  көп рахмет!   

         
Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.
>Жазғы мектеп-2022   ұйымдастыру туралы