Директор школы Алимкулова Сауле Кенесовна » Тарғап орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тарғап ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директор школы Алимкулова Сауле Кенесовна
19
май
2022

Директор школы Алимкулова Сауле Кенесовна

Алимкулова Сауле   Кеңесқызы  08.02.1967 жылы  Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге  келді. 

Білімі жоғары. 1990 жылы Абай Еңбек Қызыл Ту Орденді  мемлекеттік     

Институтын бітірді. Жалпы еңбек өтілі 36 жыл.

   Алғашқы еңбек өтілін  1984 жылдан   Беріктас  орта мектебінде аға пионер вожатый болып бастады.  1985 жылдан  Тарғап ауылындағы орта мектепте география пәні мұғалім болып  жұмыс атқарады. 2004-2005 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, 2005-2006 оқу жылынан  бастап Тарғап ауылындағы орта мектеп  директоры болып  қызмет атқарады. Сол жылдардан бастап  осы салада үздіксіз қызмет атқарып келеді.

  2011 жылы ҚР білім беру ісінің үздік    қызметкері атанды, 2018 жылы  Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды..Ал 2019 жылы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жылы Шиен,Ынтымақ,Қасымбек ауылдарынан  Маслихат депутаттығына сайланған. 2021 жылы 7-шақырылымға Жамбыл аудандық Маслихат депутаттығына  сайланды. Алимкулова Сауле Кеңесқызы - мектептегі білім берудің сапасын жақсарту мақсатында шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген   Тарғап орта мектебінің директоры және география  пәнінің білікті маманы.1983 жылдан бері осы салада тынбай   еңбек етіп келеді. 2016 жылы   «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсын аяқтап,сертификатталды.

    Әлімқұлова Сауле Кеңесқызы- 2016 жылы   «Пәнді оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбы бойынша курстан өтіп, мұғалімдермен оқыту семинарында өз тәжірибесімен бөлісті. 2016 жылы облыстық «Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі» байқауына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі диплом, 2016 жылы Республикалық ғылыми практикалық конференциясының жұмысына қатысқаны үшін «Алғыс хат», 2019 жылы «Қазақстан ұстаздары» атты республикалық конференция қоғамымен ұйымдастырылған  «география» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып 1-дәрежелі диплом ,ҚР-ң білім беру мекемелерінің қатысушыларының арасында ұйымдастырылған республикалық  олимпиаданың жүлдегерлерін даярлағаны үшін «Алғыс хатпен», 2019 жылы аудандық география пәнінен олимпиадада үздік нәтиже көрсеткені үшін   ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында «География» сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында онлайн сабақ, аудандық семинарда Беріктас орта мектебінде шебер сабақ өткізді.  2016, 2017 жылдары  «Инфоурок» қашықтық олимпиадасынан 11 оқушы І дәрежелі дипломмен, 2019ж «Ақбота» 

интеллектуалды байқауынан 3 оқушы І дәрежелі ,2 оқушы 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.2019жылы  9- сынып оқушысы Бейсембай Айым география пәнінен облыстық пән олиипиадасында 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиадада үшінші орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. География пәні бойынша  жүргізілетін сыныптардың білім сапасы 60%  бен 80% аралығында, оқу үлгерімі 100%  құрайды.2019 жылы «Географиялық экология» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарық көрді.

Аудан мектептерінде  Елбасымыздың   халыққа жолдауын насихаттау, ақпарат – құралдарында  түрлі материялдар жариялау,  атқарған игілікті істерінің бірі ғана. 

Сауле Кеңесқызы  заман талабына сай қызмет ететін біліікті маман ретінде көпке өнеге.

Тарғап ауылындағы орта мектептің және жалпы ауылдың көркеюіне зор үлес  қосып келеді. 2011 жылы  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап мектеп фойесінде  «Даңқ  бұрышын» 2015 жылы «Ардагерлер аллеясын»  2020 жылы   Ұлы Жеістің  75 жылдығына арнап  үлкен саябақ ашуға мұрындық болды. Ауыл азаматтарын ұйымдастырып, демеушілер тауып мектеп ауласындағы ескерткішті мрамор таспен әрлеп,  мәңгілік алау жаққызды. 2016 жылдан бастап  депутат ретінде  Тарғап ауылының  және   Шиен  ауылдық округіне қатысты ауылдардың әлеуметтік  жағдайына көңіл бөліп,көмек көрсетіп келеді. Көпбалалы отбасыларға, азқамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп  келеді.




Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.
>Жазғы мектеп-2022   ұйымдастыру туралы